Тәрбиеленушілердің физикалық және психикалық дамуының кезеңдерін ескере отырып, балабақшада келесі топтар бар:
1. «Қызғалдақ» МАД тобы;
2. «Раушан» МАД тобы;
3. «Жауқазын» МАД тобы;
4. «Құлпынай» ересек тобы;
5. «Ақбидай» ересек тобы;
6. «Лалагүл» орта тобы;
7. «Түймедақ» орта тобы;
8. «Бәйшешек» орта тобы.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы талаптарға сай, топтар заманауи үлгідегі қажетті құралдармен жабдықталған, эстетикалық талғамға сай және балалардың жас ерекшеліктеріне сай әсем безендірілген.
Сонымен қатар әр топтар мен кабинеттер аудио-бейне техникалар: теледидар, музыкалық аспаптар, бейнетаспалар, электронды оқулықтар, микрофондар мен толықтырылған.
Әр топта табиғат бұрышы, кітап бұрыштары, тынығу бұрышы, зерттеу орталығы, денсаулық бұрышы, спорт құралдары бұрышы, қимыл-қозғалыс ойындар құралдары, дамытушы ойыншықтар, оқу-тәрбие процесіне қолданатын көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдар, әдістемелік оқулықтар жас ерекшеліктеріне қарай топталып қарастырылған.
Тәрбиеленушілердің дұрыс тамақтануы үшін асхана және денсаулығын сараптау, дәрігерлік көмек көрсететін дәрігерлік кабинет жұмыс жасайды.
Тәрбие беру тілі: Қазақ
Меншік нысаны: Жекеменшік
Негізгі құны, айына: Тарифтік жоспарға сәйкес (855 тг)
Жұмыс тәртібі: 08:00 — 18:30
Кезекші топ: жоқ
Қосымша жабдықтау: Ән-саз, дене шынықтыру залы, монтесорри кабинеті, хореография залы, шахмат бөлмесі, қуыршақ театр бөлмесі, шығармашылық бөлмесі, құм терапиясы және тынығу бөлмесі.
Телефон: 87013571001
Web-сайт: https://gulder-edu.skom.kz/
Мекен-жай: Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селосы, Желтоқсан көшесі, 34/8
«Гүлдер» жекеменшік балабақшасы
Сіздің балаларыңызға ұсынады:
Кең жарық ойын бөлмелері мен жатын бөлмелері, жайлы, үй атмосферасы.
Жасыл, қоршалған және күзетілетін серуендеу алаңы, футбол алаңы, бейнебақылау.
Күніне 5 мезгіл ас.
Медициналық-педагогикалық қамтамасыз ету, кварц.
М. Монтессоридің сертификатталған дидактикалық материалдарымен арнайы жабдықталған топтарда іс-әрекеттерді дамыту, «Тәй-тәй» технологиясы, «Фребель» ойындары, Асық терапиясы, музыка, дене шынықтыру, қазақ тілдері, үйірмелер: хореография, шығармашылық, ұлттық ойындар.